Тікелей эфирдегі жанжал: америкалық теннисші ресейлік Андрееваны «өзімшіл» деп айыптады

Оқиға Индиан-Уэллсте өткен жаттығу кезінде болған

Getty Images
Getty Images

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) америкалық Джессика Пегула мен ресейлік Мирра Андреева арасындағы жаттығу кезінде болған даулы жағдайдан кейін YouTube арнасындағы жаттығу трансляцияларын өшірді. Бұл туралы спорттық басылымдар хабарлады.

Оқиға Индиан-Уэллсте өткен жаттығу кезінде болған. Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Пегула үшінші ракетка Андрееваның ойыны мен мінез-құлқын, сондай-ақ оның бапкері Кончита Мартинесті сынға алған. Америкалық теннисшінің сөздері WTA арнасындағы тікелей эфирге түсіп қалған.

«Андреева өзін нағыз жұлдыздай ұстайды. Оған сәл сабырлырақ болған жөн. Кончита маған әрдайым жақсы қарым-қатынас танытатын, бірақ қазір оған деген құрметім аздап төмендеді. Меніңше, ол Мирраға ықпал ете алмай жүр. Керісінше, оның мұндай әрекеттеріне өзі де түрткі болатын сияқты», – деген Пегула.

Сондай-ақ америкалық теннисші Андрееваның бапкеріне дөрекі сөйлеп, оған доп лақтырғанын айтып, мұны құрметсіздік деп бағалаған.

«Есеп 4:0 болып тұрғанда, бапкеріңе дөрекі сөйлеп, оған доп лақтыру – құрметсіздік. Мен оның бапкері болсам, мұндай қарым-қатынасқа жол бермес едім. Оны кейде әдейі ашуландырып, реакциясын бақылау керек шығар», – деді Пегула.

Журналистердің мәліметінше, теннисшілер жаттығу сетін соңына дейін өткізбеген. Андреева мен оның командасы корттан кетіп қалып, Пегула жаттығуын жалғыз жалғастырған.

Осы оқиғадан кейін WTA YouTube арнасындағы 2026 жылғы қорытынды турнир алдындағы жаттығулардың тікелей эфирлері мен жазбалары қолжетімсіз болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам