Соболенко үшін WTA-ның жылдық қорытынды турнирі аяқталды
WTA-ның жыл қорытындысы турнирінде топтық кезең аяқталды. Шешуші матчта беларустік Арина Соболенко украиналық Элина Свитолинадан жеңілсе, оның басты бәсекелесі – ресейлік Мирра Андреева өз отандасы Диана Шайдерді оңай жеңіп кетті.
Осы кездесулерден кейін WTA-ның онлайн рейтингінде өзгерістер тіркелді. Бірінші орынды қазақстандық Елена Рыбакина сақтап қалса, екінші сатыда тұрған Арина Соболенко үшіншіге төмендегі. Ал, Мирра Андреева болса екінші орынға көтеріліп, Рыбакинаның ұпайына жақындай түсті.
Арина Соболенкоға аталған турнир сәтсіз басталған еді. Бірінші кездесуінде ол чехиялық Каролина Мухованы жеңгенімен, екінші матчта дәл осы Мирра Андреевадан ойсырай ұтылды, есеп – 4:6, 0:6. Ал, украиналық Элина Свитолинадан Арина соңғы алты бойы жеңілмей келген еді. Кешегі кездесуде 3:6, 6:3, 1:6 есебі тіркелді.
Осылайша Соболенкоға WTA-ның жылдық қорытынды турнирі аяқталды.

WTA-ның онлайн рейтингі (14.11.2026)
Ресейлік Мирра Андреева болса топтық кезеңдегі үш қарсыласын да ойсырата жеңген. Жартылай финалда ол америкалық теннисші Джессика Пегуламен (әлемдік рейтингте 5-орында) кортқа шығады.
Ал, әлемнің бірінші ракеткасы – қазақстандық Елена Рыбакина болса денсаулығының сыр бергенін айтып, турнирге қатысудан бас тартты.