Соболенконың осал тұсын тапқан Елена Рыбакина 2026 жылдың үздік теннисшісі атанды

Telegram WhatsApp

Америкалық басылым қазақстандық спортшыны жоғары бағалады

WTA
WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ESPN нұсқасы бойынша 2026 жылдың үздік теннисшісі деп танылды. Америкалық басылым қазақстандық спортшыны әйелдер теннисіндегі маусым қорытындысы бойынша көшбасшы деп атады.

ESPN таңдауының басты себебі – Рыбакинаның бір маусымда «Үлкен дулыға» санатындағы екі турнирде жеңіске жетуі. Ол Australian Open және US Open жарыстарының чемпионы атанды.

Жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирінде қазақстандық теннисші Ига Швёнтек пен Джессика Пегуланы жеңіп, финалда Арина Соболенконы үш сетте ұтты – 6:4, 4:6, 6:4. Осылайша, ол 2023 жылғы Australian Open финалындағы жеңілісі үшін қарымта қайтарды.

Күзде Рыбакина US Open финалында тағы да Соболенконың осал тұсын тауып, оны жеңді. Осы нәтижеден кейін екі күн өткен соң қазақстандық теннисші беларусь спортшысын WTA рейтингінің бірінші сатысынан ығыстырды. Соболенко бұл орынды 99 апта бойы сақтап келген еді.

ESPN Нью-Йорктегі жеңістің оңай болмағанын да атап өтті. Цинциннати турнирінде ахилл сіңірінен жарақат алған Рыбакина ширек финал кезінде жарысты жалғастырудан бас тартқан. US Open басталғанға дейінгі бір аптада ол жаттығу өткізе алмаған. Соған қарамастан, жартылай финалда Кори Гауффты үш сетте жеңіп, финалда мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын иеленді.

Маусым соңында қазақстандық спортшы Нинбодағы WTA 500 турнирінде топ жарғанымен, сырқатына байланысты WTA қорытынды турнирінен бас тартты. ESPN үздік теннисшіні анықтауда Рыбакинаның Мирра Андреевамен арадағы басымдығы аса үлкен болмағанын мойындағанымен, жыл үздігі ретінде қазақстандық спортшыны таңдаған.

Басылым 2027 жылы Рыбакинаны «Үлкен дулыға» турнирлерінің әрқайсысында жеңіске таласатын басты үміткерлердің бірі ретінде бағалап отыр.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 54 727 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 217 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 483 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 535 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 271 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 157 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 270 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 806 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 494 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 316 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 295 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 460