Құламбаева мен Эрьявец жарыстың басты фавориттері украиналық Валерия Страхова мен ресейлік Анастасия Тихоноваға қарсы ойнады
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева словениялық Вероника Эрьявецпен бірге Чилиде WTA 125 санатындағы турнирдің жұптық сынында чемпион атанды.
Осылайша қазақстандық спортшы екі апта ішінде қатарынан екінші мәрте WTA жарысының жеңімпазы атанып отыр.
Құламбаева мен Эрьявец жарыстың басты фавориттері саналған украиналық Валерия Страхова мен ресейлік Анастасия Тихоноваға қарсы ойнады. Бір сағат 16 минутқа созылған шешуші кездесуде қазақстандық-словениялық жұп 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Құламбаева мен Эрьявец өткен аптада да WTA 125 турнирінің финалында топ жарған болатын.
Осылайша Жібек Құламбаева жұптық сында халықаралық аренадағы табысты сериясын жалғастырып, екі аптада екі чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Колинадағы жеңісі үшін қазақстандық теннисшіге 125 рейтингтік ұпай жазылып, жұптық сындағы жеңімпаздарға тиесілі 6000 доллар сыйақы беріледі.