Ширек финалда ол Виктория Азаренко — Кэти Бултер жұбының жеңімпазымен кортқа шығады
АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде қазақстандық Юлия Путинцева (әлемдік рейтингте 68-орында) үшінші айналымды жеңіспен аяқтап, жарыстың ширек финалына шықты.
1/8 финалда жерлесіміз украиналық Ангелина Калининамен (36-орында) кездескен болатын. Матч 1 сағат 19 минутқа созылып, қазақстандық теннишсінің жеңісімен аяқталды, есеп – 6:4, 7:6.
Матч барысында Путинцева бір рет эйс жасап, дабл-фолға мүлдем жол бермеді.
Енді ширек финалда ол Виктория Азаренко (Беларусь) — Кэти Бултер (Ұлыбритания) жұбының жеңімпазымен кортқа шығады.
Айта кетейік, осы турнирде өнер көрсетіп жатқан Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да ширек финалға шықты. 1/8 финалда ол америкалық Мэдисон Кизден басым түсті.