Оның қарсыласы WTA рейтингінде 53-орында тұрған теннисші болатын
Майами WTA 1000 турнирінің финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық Даниэль Коллинзден жеңіліп қалды.
Әлемдік рейтингте төртінші тұрған Рыбакина үшін бұл аталған турнирдің екінші финалы. Былтыр да жерлесіміз Маймиде ақтық сынға дейін жетіп, соңғы ойында чех Петра Квитовадан жеңіліп қалған болатын.
Бұл жолы бірінші сетте Коллинз 7:5 есебімен басым түссе, екінші сетте 6:3 есебі тіркелді. Яғни, алғашқы кезеңде Рыбакина айтарлықтай қарсылық білдіргенімен, екінші кезеңде жиі қателесіп, қарсыласының алдында қауқарсыздық танытты.
Айта кету керек, Даниэль Коллинз WTA рейтингінде 53-орында тұрған теннисші.