Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақстан теннисшісі Португалиядағы турнирде топ жарды

07.04.2024, 22:52

Оған рейтингтік 250 ұпай берілді

Қазақстан теннисшісі Португалиядағы турнирде топ жарды
Carlos Rodrigues/Getty Images Читайте больше: https://www.nur.kz/sport/tennis/2080415-kazahstanskiy-tennisist-stal-chempionom-krupnogo-turnira-v-portugalii/

Теннистен жұптық сында әлемдің рейтингте – бірінші, жекелей сында 44-ракеткасы қазақстандық Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірлесіп, Эшторил (Португалия) ATP 250 турнирінде топ жарды.

Олар финалда Франциядан келген Садио Думбия – Фабьен Ребул жұбымен кездесті. Бірінші сет тартысты өтті. Недовесов пен Эскобар басында екі брейк жасағанымен, қарсыластары жетіп алды. Есеп 5:5 кезінде тағы бір мәрте брейк жасаған Александр мен Гонсало алғашқы кезеңді өз пайдаларына шешті.

Ал екінші кезеңде Недовесовтің жұбы аса қиналмай, 6:2 есебімен басым түсті. Бұл жеңіс үшін қазақстандық және оның жұбы 30 610 евро сыйақы алды. Сонымен қатар, рейтингте 250 ұпай иеленді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам