Рейтингтің алғашқы үштігінде әзірге өзгеріс жоқ
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингтің жеке және жұптық санатындағы жаңартылған нұсқасын ұсынды.
Штутгарттағы (Германия) WTA 500 – Porsche Tennis Grand Prix турнирінің жеңімпазы атанған Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина төртінші орынды сақтап қалды. Тағы бір теннисшіміз Юлия Путинцева 50-орыннан жылжыған жоқ.
Үздік үштік өзгерген жоқ, көшті Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Кори Гауф (АҚШ) бастап тұр.
Ал, жұптасып өнер көрсететін теннисшілер санатында Анна Данилина екі сатыға төмендеп, 56-орынға жайғасты. Рыбакина болса 548-орында. Қазақстанның бірінші ракеткасы жұптасып өнер көрсету сайыстарына көп қатыспайды.
Жұптық санаттағы көшбасшылар: Хсие Су-Вэй (Қытай Тайбэй), Элиза Мертенс (Бельгия) және Сторм Хантер (Австралия).