Ұлттық құрама Билли Джин Кинг кубогінде өнер көрсетіп жатыр
Әлемнің төртінші ракеткасы саналатын қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ұлттық құрамаға Аустралиямен болатын кездесуде көмектесе алмайды.
Қазақстан құрамасы Испанияның Севилья қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогінде өнер көрсетуде. Финалдық кезеңде жерлестеріміз Аустралия құрамасымен кездеседі. Елена Рыбакина денсаулығына байланысты бұл кездесуге қатысудан бас тартқан.
Аустралияға қарсы матчта мына теннисшілер кортқа шығады:
Айта кетейік, Қазақстан аталған жарыста B тобында өнер көрсетіп жатыр. 9 қарашада жерлестеріміз Аустарлиямен кортқа шықса, 10 қарашада Словениямен ойнайды.
Жарыстың жүлде қоры 9,6 миллион доллар.