Қазақстандық, әлемнің 829-ракеткасы, 18 жастағы Аружан Сағындықова Монастир (Тунис) ITF W15 турнирінің жартылай финалына өтті.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үш кездесуін сәтті өткізді. Аружан алдымен үндістандық Смрити Бхасинді 6:2, 6:3 есебімен жолдан тайдырды. Содан кейін даниялық Элина Ямшидиден айласын асырып 6:0, 6:3 есебімен жеңді. Ал, ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 1319-орында тұрған словакиялық Лаура Цилекованы 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Қазақстандық жас теннисші финалға шығу үшін әлемнің 880-шы, доданың 6-ракеткасы, литвалық Андре Лукошютемен кездеседі.