“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Ауруынан айыққан Елена Рыбакина Цинциннати турнирінде жеңіліп қалды

15.08.2024, 23:56

Ол Уимблдоннан бері әлі кортқа шықпаған

Ауруынан айыққан Елена Рыбакина Цинциннати турнирінде жеңіліп қалды
Cincinnati Open

Теннистен Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина алғашқы айналымнан әрі аспады.

Жерлесіміз 1/16 финалда канадалық теннисші Лейла Фернандеспен кездескен болатын. Матч үш сетке созылды. Рыбакина 6:3, 6:7, 4:6 есебімен жеңілді. Ойын екі сағат 35 минутқа созылды.

Бұл – Елена үшін Уимблдоннан кейінгі бірінші жарыс. Бұған дейін ол Париждегі Олимпиадаға қатысудан бас тартқан болатын. Түркияда балмұздақ жеп жүрген теннисші Париждегі жарысқа бір күн қалғанда бронхит болып ауырып қалғанын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, дәл осы Лейла Фернандеспен Қазақстанның өзге теннисшісі Юлия Путинцева жұп құрып өнер көрсетіп жатыр. Олар бірінші кездесуде жеңіске жетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам