“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Юлия Путинцева US Open турнирін жеңіліспен аяқтады

01.09.2024, 07:24

Аталған турнирдің жекелей сынында өнер көрсететін қазақстандық теннисшілер қалған жоқ

Юлия Путинцева US Open турнирін жеңіліспен аяқтады
Matthew Stockman/Getty Images

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (№32) US Open турнирін үшінші айналымнан аяқтады. 1/16 финалда отандасымыз италиялық Жасмин Паолинимен (№5) кездескен болатын.

Паолини матчтың фавориті саналған. Ойын бастала салысымен тізгінді ол өз қолына алып, қазақстандық теннисшіні екі сетте еш қиындықсыз жеңіп шықты. Бірінші сет 6:3 есебімен аяқталса, екіншіде 6:4 есебі тіркелді.

Осылайша жекелей сында өнер көрсеткен Қазақстанның соңғы үміті АҚШ ашық біріншілігін жүлдесіз аяқтады. Бұған дейін еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын. Оның екінші айналым алдында жарақаты сыр берген. 

Ал, ерлер сынында Александр Бублик, Александр Шевченко және Тимофей Скатов алғашқы кезеңдерден өте алмады.

Путинцеваны жеңген Паолини енді төртінші айналымда чех теннисшісі Каролина Муховамен кортқа шығады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам