Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Елена Рыбакина тағы бір ірі турнирден бас тартты, WTA оның ұпайын алады

22.09.2024, 13:49

Қазіргі таңда ол әлемдің рейтингтің төртінші сатысында келеді

Елена Рыбакина тағы бір ірі турнирден бас тартты, WTA оның ұпайын алады
Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы саналатын Елена Рыбакина денсаулығына байланысты тағы бір жарыстан бас тартты. Бұл жолы ол Қытайда өтетін WTA 1000 - China Open турнирінде өнер көрсете алмайды. Себеп – арқасынан алған жарақаты сыр берген.

Рыбакинаның қатыспайтынын жарыс ұйымдастырушылары растады. Олар турнир кестесіне ескерту іліп үлгерген. Жарыстың өзі 25 қыокүйекте басталып, 6 қазанда мәресіне жетеді.

Еске салайық, былтыр қазақстандық теннисші аталған турнирде жартылай финалға дейін жеткен болатын. Енді биыл сол кезде алған ұпайын қорғай алмайды. Яғни, WTA оның рейтингтік 390 ұпайын кері қайтарып алады.

Жыл басталғалы бері Елена Рыбакина оннан астам турнирден бас тартты. Олардың қатарында Олимпиада ойындары да бар.

Енді отандасымыз Қытайдың Ухань қаласында 7-13 қазан аралығында өтетін WTA 1000 турниріне қатысуы керек.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам