Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Зарина Диас Қытайдағы жарыста қарсыласына «баранка» жасады

24.09.2024, 11:20

Зарина Диас кеше Ребека Машаровадан басым түскен

Зарина Диас Қытайдағы жарыста қарсыласына «баранка» жасады
vseprosport.ru

Қазақстандық теннисші Зарина Диас қайта бабына ене бастағандай. Отандасымыз екі ойын қатарынан жеңіске жетті.

Ол бүгін Бейжіңдегі (Қытай) WTA 1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті. Іріктеу бәсекесінің финалдық кезеңінде Зарина британиялық Хитер Уотсонды екі сетте оңай жеңді. Алғашқы партия 6:0, екіншісі 6:2 есебімен аяқталды. Бірінші сетте қарсыласы «баранка» алды.

Бұған дейін Зарина Диас кеше Ребека Машаровадан басым түскен.

WTA 1000 China Open-2024 турнирінің негізгі кезеңі 25 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам