Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Қазақстан азаматтығын алған 18 жастағы Жиенбаева Мардитегі турнирде топ жарды

30.09.2024, 00:52

Ол Германиядан көшіп келген

Қазақстан азаматтығын алған 18 жастағы Жиенбаева Мардитегі турнирде топ жарды
WTA

18 жастағы қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева өз спорттық мансабында ITF World Tennis Tour санатындағы екінші титулын жеңіп алды.

Ол Испания астанасы Мадридте өткен ITF World Tennis Tour W 15 турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда отандасымыз британдық Алиса Джиллианды (668 WTA) 6:1, 5:7, 6:1 есебімен ұтты.

Бұл Жиенбаеваның мансабындағы 7-ші жеңіс. 

Айта кетейік, Соня биыл қаңтар айында Қазақстан азаматтығын алды. Спортшы 2006 жылы 2 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Соняның анасы – қазақ, әкесі – неміс ұлтынан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам