Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Жеңілістен көз ашпаған Елена Рыбакина келер жылы әлемнің 1-ракеткасы болуды көздейді

07.11.2024, 10:16

Күні кеше ол әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп қойды

Жеңілістен көз ашпаған Елена Рыбакина келер жылы әлемнің 1-ракеткасы болуды көздейді
Getty Images

WTA-ның қорытынды турнирінде жеңіліп қалған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина бұл турнирге қатысты пікірін білдіріп, келер жылға жоспарлаған мақсат-міндеті туралы айтты деп жазады The Tennis Letter.

Есте болса Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA-ның қорытынды турнирінде Елена Рыбакина алдымен италиялық Жасмин Паолиниге есе жіберсе, артынша қытайлық Чжэн Циньвэньнен ұтылды. Осылайша ол плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айрылды. Ал, күні кеше соңғы үшінші ойынын әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға (Беларусь) қарсы өткізіп, жеңіске жетті.

Бұл жеңістің аталған турнирде ешқандай маңызы болмаса да, Рыбакина өзінің қалыпқа келе бастағаны үшін қуанышын жасырмады. Теннисші қыз денсаулығының сыр беруіне байланысты ұзақ уақыт жарытып ойнай алмай жүр. Париж Олимпиадасына дейін ол бірнеше турнирді бел ортасынан тастауға мәжбүр болса, жазғы ойындарға мүлдем қатыса алған жоқ.

«Бұл өте ауыр матч болды. Бірақ, жеңіп шықтым, сол үшін қуаныштымын. Жылдың соңында әлемнің бірінші ракеткасын жеңудің өзі ләззат сыйлайды. Аринаның турнирді жеңуге мүмкіндігі көп және мен оған сәттілік тілеймін. Ал, қазір жай ғана бақыттымын. Қолдау үшін баршаңызға рахмет. Әрбір матчтан кейін қалыпқа келе жатқанымды сезіп жатырмын. Ұзақ уақыт үзілістен кейін бұл оңай емес», - деді Рыбакина.

Ол сондай-ақ, 2025 жылы Соболенконың орнын басуды көздеп отырғанын да жасырған жоқ.

«Менің келер жылға қойған негізгі мақсатым – бірнеше «дулығаны» жеңу. Ал, басты көздегенім – әлемнің бірінші ракеткасы атану. Келер жылы бұл мақсатыма жетем деген сенімдемін», - деп сөзін түйді ол.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам