Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық 14 жастағы теннисші Еуропада жылдың үздік ойыншысы атанды

23.12.2024, 13:03

Аңсар Еуропа одағына кірмейтін елдер арасынан озып шықты

Қазақстандық 14 жастағы теннисші Еуропада жылдың үздік ойыншысы атанды
ҚТФ

Қазақстандық, 14 жастағы Аңсар Ниетқалиев Еуропа теннис қауымдастығы (Tennis Europe Tour) тарапынан «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Аңсар Еуропа одағына кірмейтін елдер арасынан озып шықты. Биыл жоғары нәтижелерге қол жеткізген Ниетқалиев TE рейтингісінде жылды 41-орынмен аяқтады. 

Осы маусымда қазақстандық теннисші жекелей сында Soul Cup ((Istanbul, Türkiye, екінші санат), Ankara Cup (Ankara, Türkiye) және Ergan Cup (Erzincan, Türkiye, екеуі де үшінші санат) турнирлерінде жеңімпаз атанды. Оған қоса жұптық сында екі рет Soul Cup (Istanbul) жарысында титулды жеңіп алды. Сондай-ақ жекелей сында тағы екі ТЕ додасында финалға дейін жетті. 

Астана теннис мектебінің түлегі Аңсар Ниетқалиевтің жеке бапкері – Мұхамадамин Ерматов. Бұдан бұрын осы аталым бойынша 2021 жылы Зара Дәркен, 2022 жылы Заңғар Нұрланұлы, 2023 жылы Ева Корышева мен Даниэль Тазабеков марапатталған болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам