Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Елена Рыбакина United Cup турнирінде жеңіске жетіп, Қазақстанды алға шығарды

27.12.2024, 10:34

Ол испандық Джессика Бузас Манейроны жеңді

Елена Рыбакина United Cup турнирінде жеңіске жетіп, Қазақстанды алға шығарды
ҚТФ

Теннисші Елена Рыбакина Сидней мен Пертте (Австралия) өтіп жатқан аралас командалар арасындағы United Cup турнирінде Қазақстан – Испания арасындағы матчта өнер көрсетті.

Қазақстанның бірінші ракеткасының қарсыласы испандық Джессика Бузас Манейро (рейтингіде 54-орын) болды. Нәтижесінде Рыбакина екі сетте сенімді жеңіске жетіп (6:2, 6:3), Қазақстан мен Испания арасындағы есепті теңестірді (1-1). Бұған дейін Александр Шевченко екі сетте Пабло Каррено-Бустадан (2:6, 1:6) жеңілген болатын.

Аталмыш турнир 2025 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасады. Қазақстандықтар «С» тобында Испания және Грекия құрамаларымен кездеседі. Ұлттық құраманың сапында Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және команда капитаны Александр Недовесов ойнайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам