Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

17 жастағы Әмір Омарханов әлемдік жасөспірімдер рейтингінде үздік бестікке енді

06.01.2025, 19:56

Отандасымыз бірден он сатыға жоғарылады

17 жастағы Әмір Омарханов әлемдік жасөспірімдер рейтингінде үздік бестікке енді
ҰОК

Халықаралық теннис федерациясы ІТF жасөспірімдер рейтингін жаңартты. Бұл тізімде отандасымыз Әмір Омарханов бірден он сатыға жоғарылап, алғашқы төрттіктен орын алды.

Аяқталған маусымда ол жекелей сында Бейжіңдегі J300 турнирінде және жұптық үш ірі жарыста жеңіске жетті, оның ішінде бейресми әлем чемпионаты саналатын Orange Bowl да бар.

Сонымен қатар 16 жасар Заңғар Нұрланұлы да 36 сатыға жоғарылап, 38-орынға жайғасты. Нұрланұлы 2024 жылы жекелей сында үш турнирде үздік шықты: Измирдегі J100, Шымкенттегі J200 және Латвиядағы J100.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам