Ол рейтингтегі жағдайын да жақсартып жатыр
Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде Юлия Путинцева 1/8 финалда жеңіске жетті. Ол әлемнің бұрыңғы 2-ракеткасы, қазіргі таңда 40-орындағы тунистік Онс Джабермен кездесті.
Тартысты өткен бәсеке 6:2, 6:4 есебімен аяқталды. Енді ширек финалда отандасымыз ресейлік теннисші Диана Шнайдермен өзара мықтыны анықтайды.
Путинцева бұған дейін алғашқы кездесуінде әлемнің 19-шы ракеткасы хорватиялық Донна Векичті жеңген болатын. Осы екі жеңістен кейіг ол WTA рейтингіндегі жағдайын жақсартады, болжам бойынша 29-дан 25-орынға дейін көтерілуі тиіс.
Айта кетейік, осы турнирден кейін Путинцева Australian Open жарысына қатысады деп күтілуде.