Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Юлия Путинцева Australian Open турнирінің үшінші айналымына қиындықсыз шықты

16.01.2025, 09:24

Келесі айналымда оны Ресейдік үздік теннисшісі күтіп тұр

Юлия Путинцева Australian Open турнирінің үшінші айналымына қиындықсыз шықты
WTA

Мельбурнда (Аустралия) өтіп жатқан дәстүрлі Australian Open турнирінде қазақстандық Юлия Путинцева (№23) қытайлық қарсыласын қиындықсыз жеңіп, үшінші айналымға шықты.

Қытайдан келген Чжан Шуаймен (№204) кортқа шыққан Путинцева 6:2, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Матч небәрі 1 сағат 2 минутқа созылды.

Енді үшінші айналымда отандасымыз ресейлік танымал теннисші Дарья Касаткинамен ойнайды. Ол әлемдік рейтингте 10-сатыда тұр.

Бірінші айналымда Путинцева армян қызы Элина Аванесянды әзер жеңген болатын, есеп – 4:6, 7:5, 6:2.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам