Ол үшінші айналымда украиналық Даяна Ястемскаямен кортқа шықады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (№7) Australian Open турнирінің үшінші айналымына қиындықсыз шықты.
Бүгінгі жарыс күнінде отандасымыз америкалық теннисші Ива Йовичпен (№191) кортқа шыққан болатын. Бірінші сетті Рыбакина 6:0 есебімен аяқтаса, екінші сетте 6:3 есебі тіркелді. Матч 1 сағат 19 минутқа созылды.
Жарыстың үшінші айналымында отандасымыз украиналық Даяна Ястемскаямен (№33) өзара мықтыны анықтайды. Ол бүгін черногориялық Данка Ковиничті 6:0, 6:1 есебімен ойсырата жеңді.
Айта кетейік, Рыбакина үшін 2024 жыл өте сәтсіз аяқталды. Отандасымыз денсаулығына байланысты онға жуық турнирді өткізіп алды. Оның қатарында Олимпиада ойындары да бар. Салдарынан әлемдік рейтингте 4-ші орында болған Елена жетінші орынға дейін құлдырады.