Екеуі кортта қарсылас болғанымен, өмірде жақын құрбылар
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жуырда өзінің туған күнін атап өткен болатын. Өзінің жеке мерекесінде оған құрбысы – әлемнің бірінші ракеткасы ерекше сыйлық жасапты. Бұл туралы Путинцева «Больше» YouTube-каналына берген сұхбатында айтқан.
Есте болса, биыл Брисбенде (Аустралия) өткен WTA-500 турнирінің үшінші айналымында қос теннисшінің жолы түйісіп, Соболенко жеңіске жеткен болатын. Матчтан кейін Юлия құрбысына ренжіп, «туған күніме келмейсің» деп айтқан. Десе де, беларусь теннисшісі 7 қаңтарда Путинцеваны арнайы құттықтап, оған ба,ғалы сыйлығын да беріпті.
«Арина маған расымен де өте керемет сыйлық тарту етті, мен күтпей қалдым. Ол маған Tiffany-дың сырғасын берді. Ол керемет жан. Мен мұндай сыйлықты алғанда шок болдым», - деді Путинцева.
Қазақстандық теннисші биыл 30 жасқа толды. Ол жыл басында Аустралияда өткен турнирде үшінші айналымға дейін жетіп, әлемдің рейтингтегі жағдайын жақсартты: 25-тен 23-ші орынға дейін көтерілді.
Соболенко болса күні кеше Australian Open турнирінің финалына шықты. Ақтық сында ол америкалық Мэдисон Кизбен өзара мықтыны анықтайды.