Бублик «Ролан Гарростағы» жеңісінен кейін көз жасын тыя алмады

02.06.2025, 23:53

Келесі айналымда ол әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнермен кездесуі мүмкін

Бублик «Ролан Гарростағы» жеңісінен кейін көз жасын тыя алмады
Julian Finney/Getty Images

Үлкен дулыға санатындағы «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына алғаш рет шыққан әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик (Қазақстан) жеңісті матчтан кейін көз жасын тыя алмады.

1/8 финалдық кездесуде Бублик әлемнің 5-ракеткасы британиялық Джек Дрейперді 5:7, 6:3, 6:2, 6:4 есебімен жеңіп, тарихи жетістікке қол жеткізген болатын. Бұл – турнирдің басты сенсациясы болатыны анық.

Жалпы, матч 2 сағат 35 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 8 эйс жасап, 7 қос қателікке жол берді және 6 мүмкіндіктің бесеуін брейк-пойнтқа айналдырды. Ал Дрейпердің еншісінде – 12 эйс, 4 қос қателік және ол 7 мүмкіндіктің екеуін ғана брейкке айналдырды.

Енді Александр Бублик Үлкен дулығадағы алғашқы жартылай финалына шығу үшін әлемнің бірінші ракеткасы италиялық Янник Синнермен немесе әлемнің 15-ракеткасы — ресейлік Андрей Рублёвпен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам