Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасынан оңбай жеңілді

04.06.2025, 21:16

Үшінші сетте италиялық теннисші қазақстандыққа «баранка» тақты

Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасынан оңбай жеңілді
Чемпионат.com

«Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында қазақстандық Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы италиялық Янник Синнермен кездесіп, ойсырай жеңілді.

Айта кетейік, ATP рейтингінде Бублик 62-орында тұрса, Синнер бірінші сатыда келеді.

Матч 1 сағат 50 минутқа созылды. Алғашқы сетте қазақстандық теннисші тек бір-ақ геймде жеңсе, екінші сетте тегеурінді қарсылық таныта білді, ал үшінші сетте Синнер Бубликке «баранка» тақты. Қорытынды есеп – 6:1, 7:5, 6:0.

Осылайша, «Ролан Гарростағы» соңғы қазақстандық теннисші жарысты аяқтады. Бұған дейін Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева да жеңілген болатын.

Айта кету керек, Александр Бублик үшін «Ролан Гарростың» ширек финалы – үлкен жетістік. Бұрын-соңды ол «үлкен дулыға» санатындағы турнирлердің 1/4 финалына дейін жетіп көрмеген. Бұл жолы ол әлемнің бесінші ракеткасы – британдық Джек Дрейперді жеңіп, жарыс сенсациясын тіркеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам