Арина Соболенко Australian Open турнирін қатарынан екінші рет жеңіп алды

Ол аталған кубокті екінші жыл қатарынан иемденді

Теннистен қыздар арасындағы Аустралия ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. «Үлкен дулыға» санатына жататын дәстүрлі жарысты бұл жолы әлемнің екінші ракеткасы – беларустық Арина Соболенко жеңіп алды.

Финалда ол қытай теннисшісі Чжэн Циньвэньмен (әлемдік рейтингте 15-орында) кездесіп, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Мачт 1 сағат 16 минутқа созылды.

Осылайша Соболенко екінші жыл қатарынан Australian Open турнирін жеңіп алды. Былтыр ол Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны үш сетте жеңген болатын (4:6, 6:3, 6:4).

Айта кету керек, беларусь теннисшісі осы турнирде бірде-бір сет жеңілген жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам