Әселдің финалдағы қарсыласы енді анықталады
Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында каратэден 2-жарыс күні жалғасып жатыр.
Жартылай финалда отандасымыз Чакрия Ванмен (Камбоджа) күш сынасып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Есеп: 3-0. Әселдің финалдағы қарсыласы енді анықталады. Ақтық сындар бүгін түсте басталады.
Еске сала кетейік, Әсел Қанай - 2023 жылы Ханчжоу қаласы қабылдаған XIX жазғы Азиаданың қола жүлдегері.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.