Қазақстандық боксшылардың Азия ойындарындағы жекпе-жек кестесі шықты

Бокс бәсекесін 23 қыркүйекте Сабыржан Аққалықов бастайды

ҰОК
ҰОК

Азия ойындарындағы бокс бәсекесінде Қазақстан атынан өнер көрсететін спортшылардың жекпе-жек кестесі шықты.

23 қыркүйек

80 кг дейін: Сабыржан Аққалықов – Мин Ким (Оңтүстік Корея).

24 қыркүйек

51 кг дейін: Алуа Балкибекова – Виллегас (Филиппин) / Сакши (Үндістан) жұбының жеңімпазы.

70 кг дейін: Төрехан Сабырхан – Мохаммед Дбичи (Катар).

Катарлық боксшы 21 қыркүйекте Вьетнам өкілі Нгок Нгуйенді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, 1/8 финалда Төрехан Сабырханға қарсы шығатын болды.

25 қыркүйек

54 кг дейін: Назым Қызайбай – Ксуан Жао (Қытай).

60 кг дейін: Оразбек Асылқұлов – Лин (Тайбэй) / Жанг (Оңтүстік Корея) жекпе-жегінің жеңімпазы.

26 қыркүйек

60 кг дейін: Виктория Графеева – Линь Юй-Тинь (Тайбэй).

55 кг дейін: Махмұд Сабырхан – Каземи (Иран) / Чон Со (КХДР) жекпе-жегінің жеңімпазы.

90 кг дейін: Нұрбек Оралбай – Ноорж (Ауғанстан).

27 қыркүйек

90 кг жоғары: Айбек Оралбай – Кошалиев (Қырғызстан) / Есламов (Түрікменстан) жекпе-жегінің жеңімпазы.

65 кг дейін: Аида Әбікейева – Таманг (Непал) / Ли (Қытай) жекпе-жегінің жеңімпазы.

28 қыркүйек

75 кг дейін, ширек финал: Наталья Богданова – Азиза Зокирова (Өзбекстан).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам