Азия ойындарында MMA-ден екінші алтын медаль қоржынға түсті

22 жастағы Қадырбек Шынбаев Азия чемпионы атанды

Туризм және спорт министрлігі
Туризм және спорт министрлігі

22 жастағы Қадырбек Шынбаев Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды.

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі аралас жекпе-жектен (ММА) modern дисциплинасында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.

ММА биыл Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Қадырбек Шынбаев осы спорт түрінен Азия ойындарының алтынын жеңіп алған екінші қазақстандық атанды.

Айта кетейік, Қадырбек Шынбаев бұған дейін де халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсеткен. 2026 жылдың қаңтарында ол ересектер арасында ММА-дан Азия чемпионы атанды. Құрлық біріншілігінде қазақстандық спортшы Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдерін жеңді.

 

Осылайша, 22 жастағы спортшы бір жылдың ішінде құрлықтық деңгейдегі екі ірі додада жеңіске жетіп, Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам