Жарнама
Жарнама

«Тағы да жеңемін»: Усиктен басым түскен Олимпиада чемпионы үндеу жолдады

Редактор
15.12.2025, 22:16

Мехонцев соңғы рет жекпе-жекке 8 жыл бұрын шыққан

Gettysport

Лондон Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Егор Мехонцев кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Александр Усикті жекке-жекке шақырды.

Аталған қос спортшы әуесқой бокста бір салмақта өнер көрсетіп, 2009 жылы Миланда өткен әлем чемпионатының жартылай финалында Мехонцев басым түскен. Бұл жекпе-жек Усиктің әуесқой бокстағы ең соңғы жеңілісі ретінде тіркелген.

Мехонцев әлі күнге дейін Усикті тағы жеңуге қауқарлы екенін атады.

«Жекпе-жекке шығуға дайынмын. Әлі күнге дейін олардың кез келгенін жеңе алатындай сезімдемін. Қажет болса – қай жерде болса да, қай уақытта болса да бас тартпаймын. Мен бұл кездесуге әрқашан дайынмын», – деді Мехонцев.

Айта кететін жайт, Мехонцев соңғы рет жекпе-жекке 8 жыл бұрын шыққан болатын. Ол әуесқой бокстан 2009 жылы әлем чемпионы атанса, 2012 жылы Лондонда 81 келіде топ жарды. Аталған Олимпиадада Усик 91 келіде үздік шыққан болатын.

Реклама
Реклама