Ресейде дүниеге келген этникалық қазақ боксшысы бүгінде қауіпті нокаутшы саналады
Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Альбина Молдажанова (2–0, 2 нокаут) 20 желтоқсан күні Алматыда өтетін RD Promotion 6 турниріндегі әйелдер арасындағы жалғыз жекпе-жекте өнер көрсетпек. Ол бұл сында түркиялық Неслихан Моллаоғлумен (3–1, 0 нокаут) шеберлік байқасады.
Ресейде дүниеге келген этникалық қазақ боксшысы бүгінде қауіпті нокаутшы саналады.
«Менің тарихи отаным Қазақстан Республикасының Алматы қаласында жекпе-жегім өтеді. Қарсыласым - Африка чемпионы. Маған жанкүйер болып, қолдауға келіңіздер. ҚР кәсіпқой бокс федерациясына алғысымды білдіремін», - деді қандасымыз бейнеүндеуінде.
Альбина Молдажанова 2001 жылы РФ Түмен облысының Тобыл қаласында дүниеге келген. Ол 2024 жылы бокстан Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанса, биыл наурыз айында Сербияның Ниш қаласында өткен әлем біріншілігінде қола медальға ие болды.