Ангелина Лукас жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Редактор
29.03.2024, 16:20

Сондай-ақ, ол 8-10 сәуір аралығында ұлттық құрамада спарринг өткізеді

instagram.com/angelina_lukas1997/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас сенбі күні Таиландта өтетін жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-парақшасында жазып, іс-шараның фотосуреттерімен бөлісті.

«Сенбі күні Бангкокте жекпе-жекке шығамын. Бұл сын World Siam Stadium-да өтеді. Бұл – кәсіби мансап жолындағы маңызды тоғызыншы жекпе-жегім. Осы жолда тыңғылықты дайындалып, жеңіске жетуге толық дайынмын», - деді боксшы. 

Сонымен қатар, отандасымыз аталған айқасты тағатсыздана күтіп отырғанын атады. Ол бұл сында жергілікті боксшы Тханьярат Джаиклмен (6-0, 6 КО) өзара мықтыны анықтайды.

Бұдан бөлек, еліміздің бокс федерациясы 8-10 сәуір күндері аралығында Ангелина Лукасты Бангкокте өтетін линцезиялық жарысқа апару үшін ұлттық құрама боксшыларымен бірге спаррингке шығуға ұсыныс жасады. Бокста сәуір айында 54 келіде Анель Сақыш, Жайна Шекербекова, Балауса Мұздыман, Элина Базарова, Ұлжан Сәрсенбек, Сымбат Әлиасқармен сынға түседі деп күтіліп отыр.