Кездесу Overtime Elite Arena-да өтті
АҚШ-тың Атланта қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Элайджа Пирс (19-2, 16 КО) филиппиндік Артур Вийянуэвумен (35-5-1, 20 КО) жұдырықтасып, нокаутпен жеңіске жетті.
Жекпе-жек аса тартысты өтті. Екінші раундта америкалық ауыр нокдаун алғанына қарамастан тез есін жиып, кездесуді жалғастырған. Ал, төртінші раундта өзі қарсыласын нокаутқа жіберіп, рефери уақытынан бұрын жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Осы жеңісінен кейін Пирс өз салмағында Box Rec тұжырымы бойынша рейтингтің 13-сатысына көтерілді.