Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Баходир Жалолов Олимпиадада міндетті түрде медаль алады – Руслан Чагаев

Редактор
19.06.2024, 10:31

Баходир Жалолов 92 келіде өнер көрсетеді

©instagram.com/bakhodirdjalolov

Әуесқой бокстан екі дүркін әлем чемпионы және кәсіпқой бокстан WBA тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы экс-чемпион Руслан Чагаев отандасы Баходир Жалолов туралы пікір білдірді.

Өзбек боксшысы биыл екінші рет Олимпиада ойындарында топ жаруға ниетті. Бұған дейін ол Токиода алтын алған. 

«Баходир Жалолов – әлемдік бокстағы көшбасшылардың бірі. Ол төменгі деңгейден элитаға дейін көтерілді. Осы жолы Олимпиада ойындарында чемпион атанады деп үміттенемін. Баходир кемі үштікте болатына еш күмән жоқ», - дейді Чагаев upl.uz тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Париждегі Олимпиада 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Баходир Жалолов 92 келіде қатысады. Оның салмағында Қазақстаннан Қамшыбек Қоңқабаев бақ сынайды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама