Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Адамдары дөрекілеу»: Назым Қызайбай Маңғыстауға келін болу ұсынысына әзілмен жауап берді

19.06.2024, 10:46

Ол қазір тамызда өтетін Париж Олимпиадасына қызу дайындалып жатыр

«Адамдары дөрекілеу»: Назым Қызайбай Маңғыстауға келін болу ұсынысына әзілмен жауап берді
instagram.com/nazym_kyzaibay09/

Париж Олимпиадасында әйелдер боксынан сынға түсетін екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлеуметтік желіде оқырмандар сауалына жауап берді.

Желі қолданушылары спортшыға сауал қойып, «қанша күліп жүрсек те, іште бір кем дүние бар» дегенді айтқан. Спортшы бұл пікірмен келіскен.

«Дұрыс айтасыз. Тіршілігімізді жасап, күліп-ойнап жүрсек те, ішіміздегіні өзімізден басқа ешкім білмейді...» - деп жауап берді. Алайда, ол ішінде сақтаған не сыр екенін ишаралап та айтқан жоқ.

Сондай-ақ, боксшыға сауал қойғандардың бірі оған Маңғыстау өңіріне келін болу ұсынысын да айтқан. Назым әзілге әзілмен жауап берді.

«Неге болмасқа? Бірақ ол жақтың адамдары дөрекілеу секілді. Мен осылай ойлаймын», - деді боксшы.

Еске салайық, Назым Қызайбай таяуда 50 келіде Олимпиада жолдамасын иеленді. Ол бапкер ауыстырған соң ұзақ жылдар бойы сәтсіздіктен көз ашпаған болатын.

Наурыз айында Италияда өткен іріктеу турнирінде құрама мүшесі Алуа Балқыбекова жолдамадан тыс қалғаннан кейін Астанада спаррингтік сында Назым Қызайбай жеңіске жектен еді. Мамыр айының соңында Таиландағы әлемдік іріктеу бәсекесінде ол барлық қарсыласын ұтып, Парижде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам