«Ордабасы» ойынды тағы сатты ма? ҚПЛ-де сауда қызды. Жаңа подкаст!

Еліміздегі ең сұлу боксшы ауылдағы өмірін көрсетті

18.06.2024, 10:42

Боксшы анасына көмектесіп, қонақ күтуге дайындалған

Еліміздегі ең сұлу боксшы ауылдағы өмірін көрсетті
instagram.com/muzdi___

Қазақстандық танымал сұлу боксшы Балауса Мұздыман ауылдағы өмірін көрсетіп, Құрбан айтқа қалай дайындалғанын айтты.

«Үйдегі вайб. Тапшанға дастархан жайып, самаурын қайнаттық. Енді шай ішейін деп жатырмыз. Бүгін Құрбан айтты тойлаймыз. Анам 9:00-дан ерте оятпаймын деп сөз берген, алайда қазір сағат 8:30, біз тұрып, сағат 7:30-да қойды құрбандыққа шалып үлгердік. Барлығының анасы осындай ма? Қазір таңғы асымызды ішіп алып, үйді жинауға кірісеміз, дайындаламыз. Ауланы сыпырып, қонақ күтуге дайын болуымыз керек»,-  деді Мұздыман видеодағы «стористе».

Айта кетейік, маусым айының басында Балауса Мұздыман (3-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін өткізді. Ол Алматыда өткен бокс кешінде үндістандық Моника Сингхпен (5-1, 3 КО) кездесті. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта Мұздыманның нокаутпен жеңіске жетуімен аяқталды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам