Қазақстан – 5 алтын, 1 күміс, 5 қола
Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы медальдық есепте үшінші орынға көтерілді.
Отандық спортшылардың бүгінгі нәтижелерінен кейін Қазақстан құрамасы төртінші сатыдан үшінші орынға көтерілді. Қазір ел спортшылары 6 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алып, жалпы 12 жүлдемен үздік үштіктен көрініп отыр.
Медальдық есепте Қытай құрамасы көш бастап келеді. Қытай спортшылары 31 алтын, 12 күміс және 7 қола медаль еншілеген. Екінші орында жарыс қожайыны Жапония тұр. Жапония құрамасының қоржынында 9 алтын, 15 күміс және 16 қола жүлде бар.
Қазақстаннан кейін төртінші орында Оңтүстік Корея орналасқан. Кореялық спортшылар 5 алтын, 4 күміс және 16 қола медаль жеңіп алған.
Азия ойындарындағы медальдық есеп:
Қазақстан құрамасы 6 алтын медаль көрсеткіші бойынша Оңтүстік Кореядан алда тұр. Азия ойындарындағы жарыстар 27 қыркүйекке дейін жалғасады.