Қазақстандық боксшы қыздар Ангелина Лукас пен Балауса Мұздыман өзара жекпе-жек өткізуі мүмкін

Редактор
23.12.2024, 15:31

Оларға ірі көлемде гонорар да ұсынылады

instagram

Fight Night Global жетекшісі Камил Гаджиев Қазақстанның ең сұлу боксшы қыздары Балауса Мұздыман мен Ангелина Лукасты рингке шығарып, шоу ұйымдастырғысы келеді.

Ол қос боксшыға ұсыныс айтып, ірі көлемде гонорар ұсынатынын мәләмдеді.

«Балауса Мұздыман мен Ангелина Лукас арасында жекпе-жек ұйымдастыру керек. Мен әрқайсысына 50 мың доллардан төлеуге дайынмын. Бұл әйелдер боксы үшін жақсы гонорар. Осындай кеш өткізейік. Ішкі нарық үшін бұл қызық болмақ», - деді Гаджиев «Итогах недели» жобасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 2023 жылы мамыр айында екі боксшы Петропавлда өткен VI Қазақстан спартакиадасында 54 келіге дейін салмақта кездескен. Жеңіске 5:0 есебімен Балауса жетті. Бірақ Лукас мұны мойындамады.

Қазір қос боксшы да кәсіпқой боксқа ауысқан. Ангелина жекпе-жектерінің негізгі бөлігін Таиландта өткізсе, Балауса соңғы бірнеше кездесуін Қазақстанда ұйымдастырды.