Ол бұған дейін Украинада ойнаған.
Украинаның «Карпаты» клубының жартылай қорғаушысы испаниялық Пабло Альварес мансабын Қазақстан Премьер-лигасында жалғастырады. Инсайдер Эльдар Аманбаевтың айтуынша, ол «Ақтөбе» сапына ауысты.
Журналистің жазуынша, 28 жастағы футболшы Қазақстан клубымен келісімге келіп қойған. Альварес алдағы күндері клубтың оқу-жаттығу жиындарына қосылады. Тараптар 1+1 жүйесі бойынша келісімшарт жасасқан.
Пабло Альварес биылғы маусымда Украина чемпионатында «Карпаты» сапында 13 матч өткізіп, екі гол соққан. Бұған дейін ол Испанияның «Алавес» клубының жастар құрамасында, сондай-ақ Болгарияның «Черно Море» және Хорватияның «Риека» командаларында өнер көрсеткен.
Футболшы кәсіби қалыптасу кезеңін «Вильярреалдың» жастар жүйесінде өткізген. Мансабында 151 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.
Transfermarkt порталының дерегінше, испаниялық жартылай қорғаушының қазіргі нарықтық бағасы шамамен 1,2 миллион еуроны (шамамен 720 миллион теңге) құрайды.