«Барыс» сырт айдында ҚХЛ чемпиондарын ойсырата жеңді

Осылайша «Барыс» маусымдағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп, турнирлік кестенің екінші сатысына жайғасты

Барыс ХК
Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында Астананың «Барысы» сырт айдында «Локомотивпен» (Ярославль) кездесіп, 5:0 есебімен ойсырата жеңіске жетті.

Матчтың бірінші кезеңінде астаналықтар қарсылас қақпасына жауапсыз екі шайба соқты. Алдымен Джейк Масси көзге түссе, артынша Логан Джй есепті еселеді.

Екінші кезеңде де «Барыс» ойыншылары қарқынын түсірген жоқ. Матчтың 37-минутында Джастин Бэйли «Локомотив» қақпасына үшінші шайбаны соқса, араға небәрі екі минут салып Аңсар Шайхмедденов таблодағы көрсеткішті 4:0-ге жеткізді.

Айдын иелері шешуші үшінші кезеңде де «Барыс» қақпасынан саңлау таба алған жоқ. Қонақтар болса сауатты қорғанумен қатар, қауіпті қарымта шабуылдар ұйымдастырып, «Локомотив» қақпасына бесінші шайбаны соғып кетті, гол авторы – Семен Симонов.

Осылайша «Барыс» маусымдағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп, турнирлік кестенің екінші сатысына жайғасты.

Айта кету керек, Ярославльдің «Локомотиві» соңғы екі жыл қатарынан ҚХЛ чемпионы атанған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам