Шахмат Олимпиадасында қазақстандық қыздардың жеңіс сериясы жалғасты
Қазақстанның әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасында жеңісті сериясын жалғастырды.
Бесінші турда қазақстандық шахматшылар әлемдік рейтингте үздік ондыққа кіретін Германия құрамасымен кездесті. Бес сағатқа созылған тартысты матч 2,5:1,5 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.
Командаға жеңіс әкелген жалғыз нәтижелі партияны Меруерт Камалиденова өткізді. Ол Ханна Мари Клекке қарсы кездесуде жеңіске жетті.
Қалған үш тақтадағы партия тең нәтижемен аяқталды:
Қазақстан – Германия – 2,5:1,5
Ал ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы бесінші турда Эстониямен кездесті. Бастапқы рейтингте 62-орында тұрған қарсыласпен матч 2:2 есебімен аяқталды.
Қазақстан – Эстония – 2:2
Осылайша, әйелдер құрамасы турнирдегі жеңісті сериясын жалғастырса, ерлер командасы алғаш рет тең нәтижеге қол жеткізді.
Шахмат Олимпиадасының алтыншы тур ойындары ертең жалғасады.