Қазақстан Азия ойындарының алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды
Қазақстан спортшылары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде алты медаль иеленді.
Оның ішінде қазақстандық спортшылар төрт алтын және екі қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға жайғасты.
Медальдар кестесінде Қытай 11 алтын, 6 күміс, 3 қола жүлдемен көш бастап тұр. Екінші орында – Жапония (6-8-7), үшіншіде – Оңтүстік Корея (4-3-7). Қазақстанның еншісінде 4 алтын және 2 қола медаль бар.
Айта кетейік, XX Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.