Еуро-2024: Гамбургте жанкүйер полицияға шабуыл жасады

Редактор
16.06.2024, 21:00

Полиция қару қолдануға мәжбүр болды

bild.de

Гамбургте Польша мен Нидерланды құрамалары арасындағы матч алдында балта мен молотов коктейлі бар ер адам полицияға шабуыл жасады.

Ер адам жанкүйерлер жиналған топтың арасында молотов коктейлін лақтырмақ болған. Бірнеше рет ескерту жасаған соң, жергілікті полиция қару қолдануға мәжбүр болды. Ер адам ауыр жарақат алып, ауруханада емделіп жатыр.

Қазір Гамбург көшелеріндегі тәртіпсіздікті басу үшін 200-ге жуық полиция қызметкері жұмыс істеп жатыр. Польша мен Нидерланды арасындағы кездесу өз уақытында басталды.

Материалда: