Мұхтар есімді бүлдіршін көп сыйлықтың арасынан допты таңдады
Қазақстан ұлттық құрамасы мен Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті.
Видеоны TikTok желісінде сәбидің анасы жариялаған.
Нұралы Әліп тұсауын кескен Мұхтар есімді бүлдіршін көп сыйлықтың арасынан допты таңдады.
Оқырман қауым болашақ футболшы өсіп келе жатқанын жазып жатыр.
«Мықты футболшы болсын», «Қазақ еліне +1 қорғаушы», «Футболшы болады, бұйыртса», «Орталық қорғаушы өсіп келеді», «АПЛ-да ойнайсың әлі», - деп жазған оқырман.
Ал Нұралы сәбиге Ресей кубогында чемпион атанғанда киген жейдесін сыйға тартты.
Естеріңізде болса, футболдан Ресей кубогының суперфиналында «Зенит» пен «Балтика» кездескен болатын. Осы ойынның 95-минутында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп жеңіс голын соқты.