Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Италия, Франция, енді Испания. Өзбек футболшысы «Вильярреалға» ауысады

02.07.2024, 13:03

Өзбекстанның бір футболшысы Италияда, екіншісі Францияда ойнап жүр

Италия, Франция, енді Испания.  Өзбек футболшысы «Вильярреалға» ауысады
ПФК ЦСКА Мәскеу

Мәскеудің ЦСКА клубының 20 жастағы жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаев карьерасын Испанияның «Вильярреал» клубында жалғастырады.

Marca газетінің мәліметінше, келіссөздер аяқталуға жақын және трансфер туралы ресми ақпар бірер күнде жарияланады.

Transfermarkt.de сайты Файзуллаевты 6 миллион еуроға бағалап отыр. Өзбекстан құрамасының ойыншысы былтырғы маусымда ЦСКА сапында 32 матчқа қатысып, 5 гол соқты және 14 нәтижелі пас берді. ЦСКА маусым қорытындысы бойынша Ресей біріншілігінде алтыншы орын алды. 

Ал «Вильярреал» 2023/24 маусымда Испанияның Ла Лигасын сегізінші орынмен қорытындылады.

Айта кетейік, Өзбекстанның бір футболшысы Италияда, екіншісі Францияда ойнап жүр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам