Бразилия Уругвайдан жеңіліп, Америка кубогінен үмітін үзді

Редактор
07.07.2024, 11:15

Соңғы Америка кубогін Аргентина құрамасы жеңіп алған еді

COPAAMERICA.COM

Футболдан Америка кубогінің жартылай финалына шыққан төрт команда да анықталды. Алайда, олардың қатарында әлемнің бес дүркін чемпионы Бразилия құрамасы жоқ. Ширек финалда пентакампиондар Уругвайдан жеңіліп қалды.

Матчтың негізгі бөлігі 0:0 есебімен тең аяқталған. Овертаймда да қос құрама мықтыны анықтай алмады. Есесіне пенальти сериясында уругвайлық команда 4:2 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды. Бразилия сапынан 11 метрлік нүктеден Эдер Милитао мен Дуглас Луис мүлт кетті.

Айта кету керек, Уругвай құрамасы 74-минуттан бастап 10 футболшымен ойнады. Төреші адаңнан Найтан Нандесті дөрекі ойыны үшін қуып жіберген болатын.

Енді жартылай финалда Уругвай Колумбиямен кездеседі. Колумбиялықтар ширек финалда Панаманы 5:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.