«Ордабасының» жаңа бапкері $25 000 жалақы алады – БАҚ

Редактор
05.12.2024, 18:09

Бұған дейін команданы жаттықтырған Седнев 20 мың доллар алған

MOLDOVA.SPORTS.md

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы жаңа маусымды жаңа бапкермен бастамақ. Aladop.kz порталының жазуынша, бұл қызметке молдавалық маман Андрей Мартин келеді. Ол бұған дейін «Петрокуб» клубын жаттықтырған.

«"Ордабасы" молдовалық бапкер үшін "Петрокуб" командасына трансферлік қаржыны да аударып қойғанға ұқсайды. Ал шымкенттік клубта бұл бапкер айына 25 мың АҚШ доллары көлемінде жалақы алатын болады. Өздеріңіз білдетіндей осыған дейін Александр Седнев 20 мың АҚШ долларын алған еді», - деп жазады дереккөз.

Айта кетейік, бұған дейін «Ордабасыны» Кирилл Кекер жаттықтырды. Ол маусым соңына дейін жұмыс істеді.

«Петрокуб» командасы қазір Конференция лигасында өнер көрсетіп жатыр. 12-желтоқсан күні олар өз алаңында «Бетисті» қабылдайды. Енді Молдова клубы Андрей Мартиннің орнына жаңа бапкер іздейтін шығар.