Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан хоккейшілері Азия ойындарында камбэк жасап, топта бірінші орын алды

Редактор
10.02.2025, 11:19

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде 100 пайыздық нәтиже көрсетті

Қазақстан хоккей федерациясы

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында ерекше камбэк жасады. Олег Болякин шәкірттері топтық кезеңінің соңғы матчында Оңтүстік Корея құрамасын жеңді.

Қазақстан құрамасы бірінші кезеңнің 12-минутында гол жіберіп алған. Сан басымдығына ие болған қарсыластар Юн Сеок Канның арқасында есепте алға шықты. Екінші кезеңде есепте өзгеріс болмады. Ал үшінші 20-минуттықта Қазақстан камбэк жасады. Алдымен Артем Лихотников, сосын Роман Старченко мергендік танытты. Қорытынды есеп – 2:1 Қазақстанның пайдасына. 

Осы жеңістің арқасында Қазақстан топтық кезеңде 100 пайыздық көрсеткішке қол жеткізді. Яғни 5 ойында 15 ұпай жинады. Сөйтіп А тобында бірінші орын алды. Оңтүстік Корея 11 ұпаймен екінші орында. 

Бұған дейін Қазақстан Таиланд (12:0), Қытай (6:1), Қытайлық Тайпэй (17:0) және Жапония (4:1) құрамаларын жеңген еді.

Жарнама
Жарнама