Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Азия ойындары: Қазақстан хоккейшілері Жапонияны да ойсырата жеңді

08.02.2025, 12:32

Келесі матчты 10 қаңтарда Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды

Азия ойындары: Қазақстан хоккейшілері Жапонияны да ойсырата жеңді
olympic.kz

Харбинде (Қытай) өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан құрамасы қатарынан төртінші матчта жеңіске жетті.

Олег Болякин шәкірттері бүгін Жапонияға қарсы ойнаған болатын. Қос команданың қай жеңгені турнир кестесінде көш бастау мүмкіндігіне ие болған.

Матчтағы есепті жапондар ашты. Бірінші кезең басында Масато Окубоның соққан шайбасын Шутов қайтара алған жоқ. Дегенмен, артынша Александр Борисевич есепті теңестірді (1:1). 

Екінші кезеңде Әділ Бекетаев пен Евгений Рымарев бір-бір шайбадан соғып, Қазақстанды алға шығарған. Ал, шешуші үшінші кезеңде команда капитаны Роман Старченко төртінші голды соғып, матчтағы нүктені қойды. Қорытынды есеп – 4:1.

Енді Қазақстан құрамасы 10 ақпанда Оңтүстік Кореямен ойнайды. Болякин шәкірттері 4 ойыннан кейін 12 ұпай жинап, көш басында келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам