Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Арбаға таңылған Александр Емельяненко спорттан кетпейтінін мәлімдеді

11.04.2025, 11:55

Дәрігерлер оған мүгедектік алуға ұсыныс берген

Фото әлеуметтік желіден

Ресейлік даңқты файтер Александр Емельяненко омыртқасына операция жасатқаннан кейін мүгедек арбасына таңылған болатын. Қазір ол қалпына келу процесін бастан өткеріп жатыр. Соған қарамастан спортшы MMA-дан кетпейтінін, мансабын жалғастыратынын мәлімдеп отыр.

«Дәрігерлер спортқа, әсіресе ММА-ға қайта оралуға тыйым салып отыр. Мүегедектік алуға кеңес берді. Бұл — оңай рәсім, ал сен неге бас тартасың дейді. Не үшін? Мүгедектерге арналған тегін автотұрақ үшін бе? Әрине, мен бас тарттым. Мен қайта оралуым керек екенін білемін, міндетті түрде ораламын. Менде бәрі жақсы. Бұдан да қиын жағдай болған», - деді Емельяненко.

Александр Емельяненко өздігінен қозғала алмайды. Дегенмен дәрігерлер ұсынған мүгедектік статусынан бас тартқанын.

29 наурызда Емельяненко блогер Артём Тарасовпен реванш өткізеді деп жоспарланған болатын. Бірақ омыртқасындағы жарақат салдарынан аяқтары жансызданып, жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болған еді.

Александр Емельяненко соңғы рет жекпе-жекке өткен жылы желтоқсанда шыққан. Ол NFL 2 турнирінде бірінші раундта Алексей Гончаровты нокаутпен жеңген еді.

Жарнама
Жарнама